Сәуле Исабекова: «Жылдам табыс табу» ұсынысына алданып қалмаңыздар
Жарияланған күні: 2025-11-06
Сауле Исабекова: "жылдам ақша табу" ұсыныстарына ермеңіз
Еуразиялық банк Антифрод мәселелері жөніндегі басқарушы директоры өз қаражатыңзды қаскүнемдерден қалай қорғау керектігін айтты.
"Қазақстандағы алаяқтық мәселесі ел деңгейіне дейін шықты. Құқық қорғау органдары да жұмыс істейді. Жаппай күреске ұялы операторлары да қосылды. Банктер клиенттер мен олардың қаражаттарын қорғау шараларын қабылдайды. 2024 жылғы 22 шілдеден бастап Қазақстанда Ұлттық Банкі Ұлттық төлем корпорациясы жанындағы Антифрод орталығы іске қосылғанын айтты Еуразиялық банк Антифрод мәселелері жөніндегі басқарушы директоры Сауле Исабекова.
Қазіргі беталысты айта келе, сарапшы ҰҚК, Ұлттық Банк, құқық қорғау органдарының атын жамылып соғылған телефон қоңыраулары тіпті егде адамдардың аудиториясына көшкенін хабарлайды. "Мемлекеттік органдарға деген сенімнің немесе хабарсыздықтан, алаяқтар үшін осы азаматтар санатын сендіру әлдеқайда оңай", – деп түсіндіреді Сәуле Исабекова. "Мемлекеттік органдар мен банктер қауіпсіздік немесе құқықбұзушылық туралы адамдармен телефон арқылы талқыламақ түгілі, кредит ресімдеп, бейтаныс адамдардың шотына ешқашан ақша аударуды сұрамайды. Егер құқық қорғау органдарының сізге қоятын сұрақтары болса, сізге нақты уақыты мен мекенжайы көрсетілген кеңсеге шақыру қағазын немесе шақыру жіберетініне сенімді болыңыз. Клиент шотындағы ақша қаражаттары -ол оның жеке меншігі. Клиент тапсырмасынсыз (немесе егер салық немесе басқа ұйымдар тарапынан берешек болған жағдайда белгілі бір тапсырмалар немесе талаптар қойылмаса) банктің өзі де бұл ақшаны өз бетінше ешкімге, әсіресе басқа жеке тұлғаларға аударуға құқығы жоқ", - деп атап өтті спикер.
Соңғы кездегі трендтер туралы
Жалған инвестициялар толқыны қарқынды дамуда. "Адамдарға тұрақты табыс пен мұқтажсыз қарттықты қамтамасыз етуге ынталандыратын инвестициялық платформаларға өз қаражаттарын инвестициялауға көндіреді. Бұл жалған инвестициялық компаниялардың атаулары өте "атақты", алаяқтар банктердің, ұлттық компаниялардың танымал брендтерін пайдаланады және дипфейк арқылы компания басшыларының, тіпті мемлекеттік тұлғалардың сыртқы келбеті мен дауысын жасайды. Бұған көбінесе инвестиция туралы білмейтін және әрине, оңай әрі тез ақша тапқысы келетін адамдар ілігеді. Ең алдымен мұндай ұсынысқа күмәнмен қарап, біраз ойлануға мұрша беру керек немесе мұндай оқиға жайлы білетін адамдармен ақылдасу керек. Тіпті болмаған жағдайда банкке қоңырау шалыңыз немесе келіп, консультация алыңыз", – дейді Сәуле Исабекова.
Банк жағында не болып жатыр
"Біз әрбір жағдайды микроскоппен талдаймыз: бұл fraud қалай болғанын түсіну керек (алаяқтық-Ред.). Егер осалдықтар банк ішінде болса, сондай-ақ бұл қайталанбауы үшін банк қалай әрекет етуі керек. Біз алаяқтар қайда және қалай қозғалатынын және бұл жағдайда банк не істеуі керек деген сияқты жаңа тенденцияларды тану үшін нарықты көп талдаймыз. Алаяқтыққа қалай келгені туралы клиенттің өзінің әрекетін талдап көрейік-деді сарапшы
Банктер өздерінің ІТ қауіпсіздігін қорғауға, сондай-ақ антифрод жүйелері мен оларды жақсартуға үлкен ресурс жұмсайды, деп қосты ол. Оның үстіне қазір көптеген банктер алаяқтық белгілері бар транзакцияларды жүргізу кезінде осындай аударымдарды қайта растау үшін клиенттерге қоңырау шалады", – деп атап өтті Сәуле Исабекова.
Банктер құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс істейді
Сондай-ақ Банк клиенттерге қаскүнемдер қоңырау шалса, қайда бару керектігін де хабарлайды. "Біздің өз байланыс орталығымыз бар, барлық байланыстарымыз банк сайтында көрсетілген. Байланыс орталығының антифрод қызметімен өзара іс-қимылының өз рәсімі де бар: клиентке банкпен бірлесіп ақшаны қайтару үшін қандай жедел шараларды қабылдағаны жөн болатын ұсыныстарды беруіміз керек",-деп түсіндіреді спикер.
Алаяқтар қандай психологиялық әдістерді пайдаланады
Алаяқ мақсаты - клиентті баурап алу деді Сауле Исабекова. Сол үшін оның "үш" қармағы бар. Біріншісі - қорқыныш, үрей тудыру. Бұл эмоционалды жағдайда адам логикалық ойлауды тоқтатады, сонымен қатар алаяқтар клиенттерді олардың қоңыраулары туралы ешкімге, тіпті туыстарына да айтпауға көндіреді. Екіншісі - "Тегін ірімшік": жылдам әрі тез табыс табу: әр түрлі ұсыныстар, науқандар, инвестициялар, төмен бағалы тауарлар, қаржы пирмаидалары. Үшіншісі - клиенттердің хабардарсыздығы, қаржылық сауаттылығының төмендігі және өз деректері мен мобильді құрылғысын қорғау бойынша қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау", – деп атап өтті спикер.
Антифрод орталығы туралы
Ұлттық Банкі Ұлттық төлем корпорациясы жанындағы Антифрод орталығы 2024 жылғы 22 шілдеден бастап жұмыс істейді. "Бұл банктер мен ІІМ алаяқтық фактілерімен болған оқиғаларды тіркейтін бірыңғай платформа", – деп атап өтті Еуразиялық банктің Антифрод мәселелері жөніндегі басқарушы директоры. Антифрод орталығына тіпті ұялы операторлар да қосылғанын атап өтті.
Антифрод орталығы арқылы банктер 24/7 режимінде жұмыс істейтінін ескертті. "Егер клиент өзінің ақшасын ұрланғаны туралы мәлімдесе, мейлі оны өзі аударсын немесе оны алдап кеткен жағдайда, клиент банкке немесе ІІМ-ге жүгінген кезде бұл оқиға Антифрод орталығында тіркеледі. Тиісінше ақша аударылған банк ақша түскенін 24/7 режимінде көріп, оны бұғаттай алады. Бұл Антифрод орталығы жұмысының басты құндылықтарының бірі, яғни болашақта полиция департаменті тарапынан іс-қимыл кезінде олар жәбірленуші тарапқа қайтарылуы үшін қаражатты бұғаттау", - деп түсіндіреді Сәуле Исабекова.
Бұл жерде ең маңыздысы клиенттер банкке немесе полицияға неғұрлым бірден жүгіну керек-деді ол. "Бізде бірнеше минут ішінде бірнеше банктердегі тізбектегі ақшаны бұғаттауға уақытымыз болған жағдайларымыз бар. Маңызды артықшылығымыз – біз Қазақстандағы шоттары ұрланған ақша өткен барлық дропперлерді Антифрод орталығында тіркейміз. Статистикаға сәйкес, дропперлердің жартысы 18 бен 25 жас аралығындағы жастар", - дейді сарапшы.
Басқа ұсынымдар
Егер сізге белгісіз адамдар қоңырау шалса, бастысы-әңгімеге тартылмау және әңгімені жалғастырмау керек. "Психологтар адамды бағалау үшін сегіз секундтың жеткілікті екенін айтады. Алаяқтар адамды эмоционалды немесе психологиялық ілмекке түсіру үшін әбден жаттыққан ", - дейді Сауле Исабекова. Бейтаныс қоңырауларға мүлдем жауап бермеу керектігін айтты. "Алаяқтар өздерін коммуналдық қызметтердің, емханалардың, ҰҚК, ІІМ, Ұлттық Банк және т.б. қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, түрлі сылтаулар мен айла-амалдарды ойлап табуды жалғастыра береді. Сондықтан банктер, Ұлттық Банк, ІІМ, ҰҚК, прокуратура және басқа ұйымдар сізден ақша аударуды сұрамайды және талап етуге құқылы емес екенін есте ұстаған жөн. Ондай әрекеттерді тек алаяқтар ғана жасайды", - деп еске салады Еуразиялық банктің Антифрод мәселелері жөніндегі басқарушы директоры.
Сауле Исабекова қатып қалған қағида ретінде ең бастысы – ЕШКІМГЕ карталардың толық нөмірлерін, олардың артындағы CVV/CVC-кодтарды, сондай-ақ банктерден және eGov-тан (1414) телефоныңызға келетін SMS және OTP – кодтарын (бір реттік) беруге болмайды, бейтаныс зиянды қосымшаларды жүктемеу және әр түрлі тексерілмеген сілтемелерге өтпеу керектігін баса айтты. .
Тағы бір ұсыныс – телефонды ешкімнің қолына бермеу. "Далада қоңырау шалу үшін телефон сұрап, бірнеше минут ішінде бұл манипуляциялардың басталғаны туралы көптеген оқиғалар орын алған. Сонымен қатар телефоныңызда қорғалған кіру жолдары болу керектігін атап көрсетті сарапшы.
Сондай-ақ спикер eGov арқылы бірнеше минут ішінде қосуға да, алып тастауға да болатын "Стоп – кредит" қызметін (қарыз алудан ерікті түрде бас тарту) атап өтті. "Егер сізге біреу қоңырау шалып, кез келген сылтаумен, айла-тәсілдер арқылы " Стоп-кредит" қызметінен бас тартуды сұраса, демек бұл алаяқтар",-деп ескертеді Сауле Исабекова.
Егер мессенджерлердегі SMS және хабарламалар болған жағдайда, сілтемелер бойынша өтпеу керектігін еске салады Еуразиялық банк сарапшысы
Интернет-дүкендер мен төлемдерді байластыру үшін (такси, тамақ) спикер егер бірдеңе кенеттен дұрыс болмаса, жоғалтып алсаң өкінбейтіндей шектеулі ақшасы бар жеке картаны ұстауды ұсынады.
Жалған инвестицияларға қатысты - "тез ақша табу" ұсынысына, әсіресе тексерілмеген сайттар мен платформалардың арбауына түспеу керек. "Тапқан ақшаңызды депозиттен алу немесе одан да зорғысы-кредит алу, банк пайызын төлеу, сондай-ақ бұл қаражатты инвестицияларға деп, біреуге беру – барып тұрған абайсыздық, бұл жөнінде банк пен ІІМ азаматтарды үнемі ескертіп отырады. Егер клиент қалай болғанда да ақша аударған болса, мен бұрын айтқанымдай, ол дереу өз банкіне қоңырау шалып, болған жағдай туралы айтып беру керек", – деп түйіндейді Еуразиялық банктің Антифрод мәселелері жөніндегі басқарушы директоры.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін сарапшы екі компьютердің болғаны дұрыс дейді, бір компьютер-пошта/мессенджер/әр түрлі қосымшалар үшін, екінші компьютер банктік қосымша үшін. "Ыңғайсыз әрине, келісемін, дегенмен әр түрлі зиянды сілтемелерге өту арқылы салықтық хаттар келуі мүмкін сыртқы немесе ішкі пошта болмаған кезде, сіз өзіңіздің шоттарыңызды қорғайсыз, яғни сырттан келетін артық ештеңе жоқ. Бұл алаяқтар тарапынан қашықтан қосылу және басқару қаупін азайтуға мүмкіндік береді", - деп қорытындылады Сауле Исабекова.
Өз клиенттерін оқыту үшін Еуразиялық банк бірнеше әр түрлі бейне роликтерді түсіру арқылы біздің жауабымыз - "жоқ" деген әлеуметтік жобаны іске қосты. Ролик кейіпкерлері кез келген қоңырау мен ұсынысқа күмәнмен қарайтын жалғыз қорғаудың әдісін ұсынады. Және де кез келген жағдайда "жоқ" деп табанды түрде жауап беру қажеттілігін алға тартады.
Материалды "Еуразиялық банк" АҚ PR-қызметі ұсынады.