Қалаңызды таңдаңыз:
А

Пайдаланушы келісім


Негізгі терминдер

Сайт – Bankpro.kz доменіндегі бірыңғай сайт, дизайн және адрестік кеңістікпен біріктірілген желідегі электрондық құжаттар (файлдар) жиынтығы. Сайттың басты беті интернет желісінде https://bankpro.kz мекенжайы бойынша орналасқан.

Сайт пайдаланушысы (Пайдаланушы) – Сайтқа қолжеткізу немесе оны пайдалану мүмкіндігі бар тұлға. Кез-келген тұлға Сайтқа қолжеткізу арқылы Пайдаланушы келісімінің шарттарымен толық келісетінін және оған қолданылатын талаптарды растайды.

Сайт әкімшілігі (Әкімшілік) – Сайтқа мүліктік құқықтары бар және оның әкімшілігін жүзеге асыратын тұлғалар.

Пайдаланушының акаунты (Аккаунт) – интернет кеңістігі, құпиясөзбен қорғалған және пайдаланушы туралы ақпаратты, сондай-ақ Пайдаланушы жасаған контентті қамтиды. Онда жеке және байланыс деректері, оның ішінде пошта және электрондық мекенжайлар, мәтіндер, фотосуреттер, бейнематериалдар, жасы, қызығушылықтары бар.

Контент – ақпараттық ресурс мазмұнының кез-келген түрі, оның ішінде мәтіндер, пікірлер, фотосуреттер, бейнежазбалар және басқа материалдар.

1. Жалпы ережелер

1.1. “SBC Invest” ЖШС (әрі қарай – “Bankpro.kz”) интернет желісінің пайдаланушысына (әрі қарай – “Пайдаланушы”) осы Пайдаланушы келісімінде (әрі қарай – “Келісім”) баяндалған шарттарда қызметтерін пайдалануды ұсынады. Келісімнің шарттарын Пайдаланушы қабылдағаннан кейін ол күшіне енеді.

1.2. Bankpro.kz Пайдаланушыларға банк өнімдерін таңдау құралдарына қол жеткізуді қоса алғанда қызметтер ұсынады (әрі қарай – “Қызметтер”).

1.3. Қызметтерді пайдалану осы Келісіммен және Құпиялылық саясатымен реттеледі. Bankpro.kz Келісімге өзгерістер енгізе алады, жаңартылған Келісім интернет желісінде https://bankpro.kz/page/polzovatelskoe-soglasenie парақшасында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

1.4. Bankpro.kz қызметтерін немесе жеке функцияларын пайдалана бастағаннан кейін, немесе тіркелу процедурасынан өткен кезде, Пайдаланушы Келісім шарттарын толық көлемде, ешқандай ескертусіз және ерекшеліксіз қабылдаған болып саналады.

2. Әкімшіліктің жауапкершілік шектеулері

2.1. Әкімшілік Сайтта қате, орынсыз немесе толық емес ақпараттың болмауы үшін барынша күш салады, алайда орналастырылған ақпарат үшін жауапкершілік оны орналастырған тұлғаларға жүктеледі.

2.2. Әкімшілік тіркелген пайдаланушылардың шынайы жеке тұлғасын растамайды және басқа тұлғаларға келтірілген ықтимал зиян үшін жауапты емес.

2.3. Пайдаланушы Сайтқа тіркелу кезінде жеке деректерін толық көрсетпеген жағдайда немесе олар жеке куәліктегі деректерге сәйкес келмеген жағдайда Әкімшілікке шағым жасамауға келіседі.

2.4. Әкімшілік Сайтты пайдалану нәтижесінде пайда болған кез келген тікелей, жанама немесе кездейсоқ зиян үшін жауап бермейді.

3. Әкімшіліктің құқықтары

3.1. Сайттың дизайнын, Контентін, қызметтер тізімін, скриптер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді өзгерту немесе толықтыру.

3.2. Қажет болған жағдайда Пайдаланушыларға Сайтты пайдалану туралы электрондық пошта немесе SMS арқылы хабарламалар жіберу.

3.3. Келісімді бұзатын Контентті өзгерту немесе жою және Пайдаланушының Сайтқа немесе оның жекелеген бөлімдеріне қолжетімділігін тоқтату құқығы.

4. Пайдаланушының құқықтары

4.1. Мобильді нөмірін растағаннан кейін Келісімге қайшы келмейтін Контентті жариялау.

4.2. Даулы мәселелерді шешу үшін Әкімшілікке жүгіну.

4.3. Сайттағы барлық редакциялық және пайдаланушы Контентін коммерциялық емес, жеке мақсатта тегін пайдалану құқығы.

5. Пайдаланушының міндеттері

5.1. Сайтқа қолжеткізу үшін логин мен құпиясөзді қорғауды қамтамасыз ету.

5.2. Келісімнің мазмұнын үнемі оқып отыру.

5.3. Пайдаланушы өзінің Аккаунтын пайдалана отырып жасаған әрекеттері үшін және олардың ықтимал салдарлары үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады.

5.4. Сайттағы кез келген ақпаратты пайдаланған кезде оның шынайылығына және мазмұнына қатысты тәуекелдерді толық қабылдайды.

6. Сайтта тыйым салынады:

6.1. Әкімшіліктің рұқсатынсыз кез келген жарнаманы орналастыру.

6.2. Коммерциялық ұсыныстарды, насихат материалдарын, спамды немесе басқа да қажетсіз ақпаратты орналастыру.

6.3. Құқықтарды бұзатын, арандатушы, ренжітетін немесе заңсыз мазмұнды жариялау.

7. Сайтта орналастырылған Контентке құқықтар

7.1. Сайттағы зияткерлік меншік құқық иелеріне тиесілі және заңмен қорғалған.

7.2. Құқық иесінің рұқсатынсыз контентті көшіруге, өңдеуге, таратуға, жүктеуге және басқа жолмен пайдалануға болмайды.

8. Қорытынды ережелер

8.1. Сайтты немесе оның қызметтерін пайдалану - осы офертамен келісу ретінде қабылданады. 

8.2. Пайдаланушы мен Әкімшілік арасындағы келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі.


8. Деректемелер мен мекен-жай

"SBC Invest"ЖШС

Мекен-жайы: Алматы қ., Пирогов көш-сі 31, офис 203

БСН: 11084006278.,

ЖСК: KZ536017131000031428.

Банк:"Халық Банк" АҚ

БСК: HSBKKZKX,

БК: 17