Kaspi Жұма: акцияның қорытындылары және келесі акциядан күтілетіндер
Жарияланған күні: 2025-11-11
Kaspi Жұма - бұл қазір жай ғана акция емес, Kaspi Bank клиенттері үшін нағыз бүкілхалықтық тиімді сауда мерекесі. 2025 жылдың қарашасында ол рекордтық 4 күнге - 6-сынан 9 қарашаға дейін созылды. Осы уақытта бір платформада 13 миллионнан астам тауар, 100 000-нан аса серіктес және Қазақстанның түкпір-түкпірінен миллиондаған сатып алушы бірікті.
Қарашаның Kaspi Жұмасы nені көрсетті?
-
Кейбір сатушыларда тапсырыстардың 80%-дан астамы өз брендіндегі тауарларға түсті - бұл сатып алушылар сенімінің айқын көрсеткіші.
-
Бір серіктестің жалпы тапсырысы небәрі 3 күн ішінде 4800-ге жеткен - жергілікті бизнес үшін ерекше нәтиже.
-
Акцияға қатысушылар 50%-ға дейін жеңілдіктер, 15%-ға дейін бонус және 24 айға дейін бөліп төлеу мүмкіндігін ұсынды.
-
ШОБ өкілдерінің сатылымы 3–5 есеге дейін өсті.
-
Жеткізу географиясы елдің барлық өңірлерін, тіпті ең алыс ауыл-кенттерді де қамтыды.
Kaspi Жұма бизнестің өзіне не үшін маңызды?
Kaspi Жұма - бұл қазақстандық кәсіпкерлер үшін мына мүмкіндіктер уақыты:
-
аудиторияны кеңейту;
-
айналымды ұлғайту;
-
жаңа өнімдерді сынақтан өткізу;
-
сатып алушылардан нақты кері байланыс алу.
Келесі Kaspi Жұманы қашан күтеміз?
Kaspi Жұма жылына үш рет — ақпанда, маусымда және қарашада өтеді. Демек, келесі үлкен акция 2026 жылдың ақпан айында күтіледі. Дәл күні Kaspi.kz-тің ресми парақшаларында қосымша жарияланады.